Еуразиялық қауіпсіздіктің маңызды әрі негізгі буыны ретінде Қазақстанның әлеуеті айқын байқалады - Е. Қарин

АСТАНА. ҚазАқпарат - Еуразиялық қауіпсіздіктің маңызды әрі негізгі буыны ретінде Қазақстанның әлеуеті айқын байқалады. Бұл туралы бүгін ҚР Сыртқы істер министрлігінде ҚР Президенті жанындағы Стратегиялық зерттеулер институтының директоры Ерлан Қарин мәлім етті.
None
None

«Астанадағы Саммитте Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан Еуразиялық қауіпсіздікті байланыстыратын буын болуға дайын деп айтқаны кездейсоқтық емес. Украиналық дағдарысты шешуде делдалдық күш-жігер жұмсалды, ирандық ядролық проблема бойынша диалог алаңын құру, Сирия бойынша келіссөздер ұйымдастыру - Еуразиялық қауіпсіздіктің маңызды әрі негізгі буыны ретінде тағы да Қазақстанның әлеуетін көрсетіп отыр», - деді Е. Қарин «Хельсинки қорытынды актісінің (1975) жəне Астанадағы Саммиттің (2010) мерейтойына арналған ЕҚЫҰ жетістіктері мен қатерлері» атты халықаралық конференциясында. Сонымен қатар, ол Қазақстанның барша әлемдік саяси және сарапшылық алаңдарда көтеріп жүрген маңызды тақырыптарының бірі антиядролық бастамаларға қатысты екенін еске салып өтті. «БҰҰ Бас Ассамблеясы 70-ші мерейтойлық сессиясының жалпы пікірталасында сөз сөйлеген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ядролық қарудан азат әлемге қол жеткізу жөніндегі Жалпыға ортақ декларациясын қабылдауды ұсынды. Елбасы өз сөзінде Қазақстан - ядролық полигонды жапқан және ауқымы жағынан төртінші ядролық қару-жарақтан бас тартқан, сондай-ақ Орталық Азияда ядросыз аймақ құрған тарихтағы тұңғыш ел екендігін баса атап өтті», деген Е. Қарин Қазақстан Президентінің ядролық қарусыз аймақты әлемнің өзге өңірлерінде, соның ішінде Таяу Шығыста да құрған жөн екенін айтқанын еске салды. «Менің ойымша, осы тұрғыдағы мәселелер ЕҚЫҰ аясындағы талқыланатын тақырыптар тізбесіне енуі керек. Түрлі халықаралық ұйымдарда көтерілген бұндай тақырыптарды үйлестіру керек деп пайымдаймыз»,-деді ол.

Соңғы жаңалықтар
Референдум