Еуразиялық медиа форумда талқыланатын тақырыптар белгілі болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - XII Еуразиялық медиа форум 24-25 сәуірде Астанада өтеді.

Еуразиялық медиа форумда талқыланатын тақырыптар белгілі болды

Шараның ашылуында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, ЕЭФ Ұйымдастыру комитетінің төрайымы Дариға Назарбаева баяндама жасайды деп күтілуде.

Форумның пленарлық отырысына МАГАТЭ-нің бұрынғы бас директоры, Нобельдің бейбітшілік сыйлығының иегері, Мысырдың бұрынғы вице-президенті Мұхамед әл-Барадеи, Ресейдің «Бірінші арна» телеарнасының жүргізушісі, сарапшы Владимир Познер және тағы басқа көптеген әлемдік деңгейдегі саясат қайраткерлері қатысады.

Жиын барысында Украинадағы ахуал, Батыс пен Шығыс арасындағы текетірес, экономикалық революция, мемлекетті кім және не үшін сатады деген тақырыптардың аясында талқылаулар жүргізілмек.