Еуразиялық медиафорум аясында Мәжіліс Төрағасы Израиль парламентшісімен кездесті
АСТАНА. Сәуірдің 24-і. ҚазАқпарат /Айдын Бәймен/ - Кеше, сәуірдің 23-і күні Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің төрағасы Орал Мұхамеджанов VIII Еуразиялық медиафорумның жұмысы шеңберінде Израиль Мемлекеті Кнессетінің (Парламенті) депутаты, «Израиль – ортақ үйіміз» партиясының Бас директоры Фаина Киршенбаум ханыммен Израиль тарапының білдірген өтінішіне
сәйкес кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Әңгіме барысында тараптар саяси-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екі жақты қатынастарды нығайта түсудің маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар екі елдің жоғарғы заң шығарушы органдары арасындағы өзара ықпалдастықты жандандырудың қажет екендігі аталып өтілді. Сондай-ақ тараптар екі мемлекеттің саяси партиялары, оның ішінде парламенттік фракциялар арасындағы өзара ынтымақтастықтың өрісін кеңейту жөнінде ортақ пікір алмасты.