Еуразиялық медиафорумның алқалы мәжілісі «жаңа капитализмді» іздеуге арналып отыр

АЛМАТЫ. Сәуірдің 23-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін Алматыда басталған 8-ші Еуразиялық медиафорум аясында «Жаңа капитализмді іздеу жолында: капитализм тоқырауға ұшырап, реформа кезеңі келді» деген тақырыпта арнайы мәжіліс өтіп жатыр,

Еуразиялық медиафорумның алқалы мәжілісі «жаңа капитализмді» іздеуге арналып отыр
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Ол «Си-эн-эн» телеарнасының тілшісі, халықаралық жаңалықтар жүргізушісі Адриан Финиганның (Ұлыбритания) модераторлығымен өтуде. Оған Ресейдің «Неокон» сараптамалық кеңес беру компаниясының президенті Михаил Хазин, Ұлыбритания Парламентінің мүшесі Джордж Галлоуэй, ҚР Ұлыбританиядағы Елшісі Қайрат Әбусейітов, «Вlackstone Group» аға басқарушы директоры Джон Студзинский (Ұлыбритания), Кембридж университетіне қарасты Менеджмент институты «Еуразия» орталығының директоры Армен Саркисян және «AREVA» атқарушы вице-президенті Себастиен де Монтессю (Франция) спикер ретінде қатысып отыр. Олар болашақтың «жаңа капитализмі» қаншалықты өміршең? Соңғы уақытта болған оқиғалар әлемдік экономиканы өзгертуге себін тигізе ала ма? Әлемдік экономикалық жүйенің жаңа ережелері мен конфигурациялары жөніндегі пікірталаста экономикасы дамып келе жатқан мемлекеттердің ролі қандай болуы керек? Мемлекеттің экономикаға күннен-күнге артып келе жатқан ықпалы, жариялықты талап етуі және барынша бақылауға тырысуы, демократиялық капитализмнің басты қағидасы саналатын «еркін нарық, еркін кәсіпкерлік және еркін саудаға» қауіп төндірмей ме? Әлемдік капитал нарығындағы жағдайды тұрақтандыруға қауқары жетпей қалған халықаралық қаржы ұйымдарының болашағы қандай болуы мүмкін? Оларға қандай балама бар? - деген нақты сауалдарға жауап іздеуде.