«Еуразиялық сауда жүйесі» тауар биржасында 4 сыныпты астық бағасының көтерілгені байқалды

АЛМАТЫ. Желтоқсанның 24-і. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - «Еуразиялық сауда жүйесі» тауарлық биржасында кезекті астық саудасы өтті,
None
None

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Күндізгі сессия қорытындысы бойынша 3 сыныпты астықты сатып алу туралы 30 030 000 теңгелік 34 фьючерстік келісім жасалды. Ал 4-ші сыныпты астық бойынша 2 145 000 теңгелік 3 фьючерстік келісім жасалынды. Күндізгі сессияның жалпы айналымы 32 миллион 175 мың теңгені құрады.

Күндізгі сессия барысында қаңтар айында орындалуы тиіс 3 сыныпты астық бағасы тоннасына 14 200 теңге, ақпан айында орындалуы тиіс келісім бойынша 12 900, наурыз айында орындалуы тиіс келісім бойынша 12900 теңгені құрады. 4-ші сыныпты астық бойынша наурыз айында орындалуы тиіс 3 келісім жасалды. Бұл келісімдер бойынша астық бағасы 90 теңгеге немесе 0,8 пайызға  көтерілгені байқалады. Сессияның жабылуы кезінде 4 сыныпты астық бағасы тоннасына 11 мың теңгені құрады.

Соңғы жаңалықтар