«Еуразиялық сауда жүйесі» тауар биржасында астық өнімдері сатылды

АЛМАТЫ. Қазанның 6-сы. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Кеше «Еуразиялық сауда жүйесі» тауар биржасында 3 сыныпты астық өнімдерінің фьючерстік келісім негізіндегі кезекті сатылымы өтті,

«Еуразиялық сауда жүйесі» тауар биржасында астық өнімдері сатылды

деп хабарлайды ҚазАқпарат «Еуразиялық сауда жүйесі» тауар биржасына сілтеме жасап.

Күндізгі сессия қорытындысы бойынша 1 фьючерстік келісім жасалған. Қараша айында орындалуы тиіс бұл келісім бойынша астықтың тоннасының жалпы бағасы 18 550 теңгені құраған. Күндізгі сессияның айналымы 4 келісім-шартқа негізделген 1,2 миллион теңгені құраған. Соның үшеуі бойынша келісім-шарт жасалған жоқ.