«Еуразиялық сауда жүйесі» тауарлық биржасында 1506 тонна астық сатылды
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
3,4 сыныпты тасымалды астық фьючерсі үшін өткен күндізгі сессия барысында 3-ші сыныпты астық үшін желтоқсан, 2010 жылдың қаңтар, ақпан айында жеткізілуі тиіс 24 келісім жасалды. Желтоқсан айында жеткізілуі тиіс 3 сыныпты астық бойынша фьючерстің жоғарғы бағасы тоннасына 14 150 теңге, төменгі баға 14 350 теңгені құрады. Сауда соңында фьючерс өткен сауда сессиясымен салыстырғанда 0,7 пайызға ұлғайып, тоннасына 14 450 теңге болды. 2010 жылдың қаңтар айында орындалуы тиіс фьючерстің ең жоғары бағасы 14 200, төменгі бағасы 14 100 теңге болған еді. Сессия соңында 14 200 теңгені құрады. Ақпан айындағы фьючерс бағасы тоннасына ұсынылған ең жоғары баға 12 900 теңге күйінде қалды. Күндізгі сессияның сауда айналымы 21 миллион 606 мың теңге немесе 1506 тонна көлемінде болды.