Еуразиялық үкіметаралық кеңестің шағын құрамдағы отырысы өтті

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Еуразиялық үкіметаралық кеңестің шағын құрамдағы отырысы өтіп жатыр. Бұл туралы ҚазАқпарат Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
None

Іс-шараға Қазақстан, Қырғызстан, Армения, Ресей, Беларусь премьер-министрлер қатысты. Шағын құрамдағы отырыста ЕАЭО-ның алкоголь нарығын реттеу мәселелерін, ортақ газ нарығын қалыптастыру туралы халықаралық шарттың жобасын дайындау барысын, сондай-ақ Одақтың өңірлік даму институттарының қызметін талқылау жоспарланып отыр.

«Қабылданған шешімдер интеграциялық бірлестіктің одан әрі дамуына елеулі үлес қосып, тың серпін беретініне сенімдімін», — деді отырыста сөз алған ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов.


Соңғы жаңалықтар