16:53, 14 Мамыр 2009 | GMT +5
«Еуразиялық зерттеулер» кафедрасы ашылды
АСТАНА. Мамырдың 14-і. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Бүгін Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Қазақстан халқы Ассамлеясы Ғылыми-сараптамалық кеңесінің жұмыс жоспары бойынша өткен «Қазақстан халқы Ассамблеясы - қоғамды ұйымдастырушы институт» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы аясында жаңа «Еуразиялық зерттеулер» кафедрасының таныстырылымы болды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.Еуразия ұлттық университетінің бас оқу ғимаратында орналасқан аталмыш кафедрада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың еуразияшылдық идеяға арналған еңбектері, осы тақырып аясындағы отандық және шетелдік ғалымдар жазған кітаптар мен оқу құралдары жинақталған. Кафедра меңгерушісі ? тарих ғылымдарының докторы Раушан Мұстафина. Бүгін Еуразия ұлттық университетінде өткен «Қазақстан халқы Ассамблеясы - қоғамды ұйымдастырушы институт» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысушылар мен Ассамблея өкілдері осы кафедраның жұмысымен танысты.