Еуро 20 жылда алғаш рет доллардан арзандады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Халықаралық сауда-саттық нарығында еуро бағамы доллармен салыстырғанда жаз басталғалы осымен екінші рет тепе-теңдік деңгейден төмен түсіп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews-ке сілтеме жасап.

Дүйсенбі күні кешке бірыңғай еуропалық валюта бір пайыздан астамға арзандап, 20 жылдағы ең төменгі деңгейге жетті.

Рекордтық құлдырау факторларының бірі – әлемдегі энергетика дағдарысы және Солтүстік ағын арқылы газ жеткізіліміндегі кідірістер, сондай-ақ АҚШ федералды резерв жүйесінің инфляцияны ауыздықтау бойынша белсенді әрекеттері.

Сондай-ақ Еуропада британдық фунт және венгр форинты сияқты валюталардың бағамы төмендеді.




Фото: euronews.com

Соңғы жаңалықтар
telegram