Еуро-2012 бірінші жартылай финалының қорытындылары: Португалияны 4:2 есебімен жеңген Испания құрамасы финалға шықты

Мұнда Португалия құрамасы мен Еуропаның қазіргі чемпионы - Испания командасы кездесті.
Командалар негізгі және қосымша уақытта да бірде-бір гол соға алмады. Сол себепті пенальти сериясы тағайындалды. Оның нәтижесі бойынша Португалияны 4:2 есебімен жеңген Испания құрамасы Еуропаның футбол бойынша чемпионатының финалына шықты.
Жарыстың басында басымдық Руй Патрисиудің қақпасын алу үшін бірнеше жақсы сәттерді жіберіп алған испандықтарда болды. Португалдықтар бірінші таймның ортасына қарай белсендірек болды.
Екінші таймның алғашқы минуттарында португалдықтар басымдыққа ие болғанымен, қақпаға допты кіргізе алмады. Негізгі уақыттың соңғы минуттарында Португалия құрамасы Испанияға контршабуыл жасады, бірақ Криштиану Роналду нақты бола алмады. Нәтижесінде негізгі уақытта екі команда да доп кіргізе алмады.
Қосымша берілген уақытта Испания гол соғуға жақынырақ болды, команда Португалияны қақпаға қарай ығыстырып отырды, бірақ португалдықтардың қорғанысынан өткенімен, Руй Патрисиу әдемі ойын көрсетті. Екі экстра тайм жеңімпазды анықтай алмады және финалға жолдаманың иесі пенальти топтамасында белгіленді.
Жеребе бойынша допты бірінші болып испандықтар соқты. Хаби Алонсоның соққысына Руй Патрисиу төтеп бере алды. Жуан Моутиньюдің соққысынан кейін өз қақпасын құтқарып қалған Икер Касильяс те ерекшеленді. Андрес Иньеста, Пепе, Херард Пике және Нани өз соққыларын тамаша аяқтады. Серхио Рамос Руй Патрисиуден өте алса, Бруну Алвештің добы турникке тиді. Финалға шығатын команданың тағдырын шешуге Сеск Фабрегас пен Руй Патрисиу шықты. Фабрегас Патрисиуді айналып өте алды, нәтижесінде Испанияға жолдама алып берді.
Нәтижесінде Испания құрамасы Еуропаның қазіргі чемпионы атағын қорғауды жалғастырып, бүгін Германия мен Италия арасындағы ойында анықталатын екінші финалшыны күтеді.
ҚазАқпарат өз оқырмандарын футболдан «Еуро-2012» Еуропа чемпионатының ойындары туралы ақпараттандыруды жалғастырады.