Еуро-2012: Чехия Грекиядан басым түсті

АСТАНА. 13 маусым. ҚазАқпарат - Футболдан Еуропа чемпионатында топтық кезеңдегі екінші тур матчтары басталды.

Еуро-2012: Чехия Грекиядан басым түсті

Вроцлавта алаңға бірінші болып Грекия мен Чехия командалары шықты. Ресей құрамасының бәсекелестері - бірінші ойындарда ұпайларын жоғалтқан Чехтар, жеңіске жету қажеттігін жіті түсінді.

Үшінші және алтыншы минуттар олар үшін сәтті болды - Петр Йирачек пен  Вацлав Пиларждың голдарының арқасында олар алға шықты.

Екінші таймда күштерін қолдарына жинаған Грекия бір голмен ғана жауап бере алды. Петр Чехтың қақпасына голды 53-інші минутта Теофанис Гекас салды. Осылайша, бірінші матчты соңы Чехтардың пайдасына 2:1 болып аяқталды.

«А» тобындағы күштердің орналасуы Ресей-Польша матчынан кейін белгілі болады.