«Еуро-2012»: Ертең Қазақстан құрамасы Түркиямен ойнайды
АСТАНА. Қыркүйектің 2-сі. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Ертең футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы «Еуро-2012» чемпионатының іріктеу турнирі аясындағы жарысын бастайды. Біздің команда елордадағы «Астана-Арена» стадионында Түркия құрамасын қабылдайды.
ФИФА-ның соңғы жариялаған рейтингі бойынша, Түркия құрамасы 28-ші орында, ал Қазақстан құрамасы болса 125-ші сатыда тұр. Айта кетейік, 2012 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирі аясында біздің команда биыл Оңтүстік Африка Республикасында өткен әлем чемпионатының қола жүлдегері Германиямен, сондай-ақ Түркия, Бельгия, Австрия және Әзірбайжан командаларымен бірге «А» тобында сынға түседі.