ЕУРО-2015: Қазақстан жастары Арменияны тізе бүктірді. ВИДЕО

АСТАНА. 15 қазан. ҚазАқпарат - Футболдан Қазақстан жастар құрамасы Еуропа чемпионатына іріктеу сындары аясында сырт алаңда Армениямен ойын өткізіп, 2:1 есебімен жеңіске жетті.
None
None

Бұл туралы «Аламан» ұлттық спорт порталынан хабарланды.
Жақында ғана Сергей Боровский кетіп оның орнына Андрей Ферепонтов келген еді. Демек, бұл жаңа бапкердің алғашқы сынағы.
Ойын біздің құраманың басымдылығымен басталды. 31-минутта Абзал Бейсебековтен тамаша пас алған «Шахтер» ойыншысы Роман Муртазаев есеп ашқан. Бұл есеп бірінші тайм соңына дейін сақталды. Ал екінші таймды алаң иелері жаңа леппен бастап, 48-минутта Давид Окопянның көмегімен таблодағы есепті теңестіріп кетті.
Дегенмен, 72-минутта Илья Калининнің шығарған пасын Абзал Бейсебеков голға айналдырды. Осылайша біздің құрама сырт алаңда жеңіске жетті. Бұл біздің осы іріктеу сынындағы екінші жеңісіміз. Алғаш рет Белоруссия құрамасын сыртта ұтқан едік. Еске сала кетейік, Арменияны Астанада қабылдап, 0:1 есебімен есе жібергенбіз.

Соңғы жаңалықтар