ЕУРО-2016: Албания құрамасы Швейцариядан ұтылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Футболдан Еуропа чемпионатының «А» тобында бүгін Албания мен Швейцария құрама командалары кездесті.

ЕУРО-2016: Албания құрамасы Швейцариядан ұтылды

Құрлықтық біріншілікке алғаш рет жолдама алған дебютанттардың бірі Албания құрамасы Швейцария футболшыларынан жеңіліс тапты.

Ойында жалғыз голды кездесудің 5-минутында швейцариялық футболшы Фабиан Шер салды.

Айта кетейік, футболдан Еуропа чемпионаты Францияда өтуде. Біріншіліктің аясы биылдан бастап кеңейіп, құрлықтық додада 16 құрама емес, 24 команда ойнайтын болады. Футболсүйер қауым «кәрі құрлықтың» ең мықты құрамаларының қатысуымен 51 матч тамашалай алады.

Еуропа біріншілігі Францияның он қаласында 10 маусым мен 10 шілде күндері аралығында өтеді.

Барлық матчтар «Қазақстан» мен «Қазспорт» телеарналарында тікелей эфирде көрсетіледі.