ЕУРО-2016: Бельгия футболшылары Венгрия қақпасына жауапсыз 4 гол салып, ширек финалға шықты - ВИДЕО

АСТАНА. ҚазАқпарат - Еуропа чемпионатының 1/8 финалдық ойындары аясында Бельгия және Венгрия құрамалары кездесті. Санаулы сәттер бұрын аяқталған ойында бельгиялықтар 4:0 есебімен басым түсті. Матч «Қазақстан» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетілді.
None
None

Ойын  Тулуз қаласындағы "Стадиум де Тулуз" стадионында өтті.

Кездесудің 9-шы минутында Тоби Алдервейрелд есеп ашты.

Екінші таймның 76-шы минутында ЭденаАзардан тамаша пас алған Миши Батшуайи есепті  еселеді - 2:0.

Сәлден кейін Азар өзі де үшінші голдың авторы атанды.

90-шы минутта Янник Ферейра Карраско жауапсыз 4-ші голды салды.

Бұған дейін плей-офф кезеңіне Португалия, Уэльс, Польша, Франция және Германия құрамалары жолдама алған еді.

 

 

Соңғы жаңалықтар