ЕУРО-2016: Бернд Шторк жаттықтыратын Венгрия алғашқы мачта Австрияны тізе бүктірді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Футболдан Еуропа чемпионатының алғашқы матчында Венгрия құрамасы Австрия командасын 2:0 есебімен жеңді.

Бірінші тайм екі команданың бірін-бірі бағамдаған өте сабырлы тайм болды. Негізінен, Австрия құрамасы қауіпті шабуылдар жасап отырды, дегенмен голдар тіркелген жоқ.

Екінші таймда Австрия қарсыластардың қақпасына шабуыл жасауды жалғастырды. Бірақ кездесудің 63-минутында венгр футболшысы Адам Салаи Австрия құрамасына гол салып, айды аспанға шығарды. Үш минуттан соң Австрия құрамасы сапындағы Александр Драгович қарсыластардың айып алаңында тәртіп бұзып, алаңнан қуылады.

Соған қарамастан, Австрия футболшылары есепті теңестіруге талпынады, алайда қарсы шабуылдардың бірінде Венгрия құрамасы екінші австриялықтардың қақпасына екінші голды енгізіп кетеді. 87-минутта салынған гол авторы - Золтан Штибер.

Есте болса, Венгрияның бас бапкері Бернд Шторк 2009-2010 жылдары Қазақстан құрамасын жаттықтырған болатын. Оның бапкерлігімен Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының топтық кезеңінен шыға алмады.
Айта кетейік, Францияда футболдан Еуропа чемпионаты өтіп жатыр.

Біріншіліктің аясы биылдан бастап, кеңейіп, құрлықтық додада алғаш рет 24 команда ойнайтын болады. Футболсүйер қауым «кәрі құрлықтың» ең мықты құрамаларының қатысуымен 51 матч тамашалай алады.

Еуропа біріншілігі Францияның он қаласында 10 маусым мен 10 шілде күндері аралығында өтеді.
Барлық матчтар «Қазақстан» мен «Қазспорт» телеарналарында тікелей эфирде көрсетіледі.

Соңғы жаңалықтар
telegram