EURO-2016: Чемпионаттың іріктеу жеребесі қайда өтетіні белгілі болды
АСТАНА. 28 қыркүйек. ҚазАқпарат - Euro-2016 турнирінің іріктеу жеребесі 2014 жылдың 9 қыркүйегінде Ницца қаласында өтеді.
«Аламан» спорт агенттігінің ақпараттарына қарағанда, бұл туралы чемпионаттың ұйымдастыру комитетінің басшысы Жак Ламбер мәлім еткен.
«Ницца қаласы жеребе тарту рәсімін өткізуге қолайлы. Мұнда қонақ үй, транспорт жеткілікті», - деді Ламбер.
Ал Euro-2016 додасының финалдық жеребесі 2015 жылы Париж төрінде өтеді. Чемпионаттың ашылуы маусымның онына, ал шешуші ойыны 2016 жылдың 10 шілдесіне жоспарланған. Финал «Стан де Франс» стадионында өтуі мүмкін.