12:14, 13 Шілде 2016 | GMT +5
ЕУРО-2016 додасындағы ең үздік голдар - ВИДЕО
АСТАНА. ҚазАқпарат - 10 шілде күні футболдан 2016 жылғы Еуропа чемпионатының ақтық кездесуі аяқталды. Финалда жолдары түйіскен Франция мен Португалия құрамалары негізгі уақытта өзара мықтыны анықтай алмады, алайда төреші тағайындаған экстра таймда Португалия қарсылас қақпасынан саңылау тапты. Бұл жеңіс голы еді. Осылайша өз тарихында алғаш рет Португалия құрамасы Еуропа чемпионы атанды.
Осы футбол додасында болған ең жарқын сәттер жанкүйерлер есінде талайға дейін сақталатыны сөзсіз. Мәселен, назарларыңызға ұсынып отырған ЕУРО-2016-ның ең үздік голдары да әлденеше ұрпақты таңғалдыра алатынына күмән жоқ.