Еуро-2016: Франция ширек финалға шықты - ВИДЕО

АСТАНА. ҚазАқпарат - Еуропа чемпионатының 1/8 финалында кездескен Франция мен Ирландия құрамаларының ойыны алаң иелерінің жеңісімен аяқталды - 2:1.
None
None

Антуан Гризманн жасаған дубль француздарды ширек финалға шығарды.

Ойын Лиондағы "Стад де Лион" стадионында өтті.

Матч бастала салысымен, екінші минутта француздардың қақпасына айып добы белгіленіп, ол Евро-2016 додасындағы ең жылдам салынған гол ретінде тіркелді.

58-ші минутта Антуан Гризманн есепті теңестірді.

Үш минут өткен соң Гризманн есепті 2:1-ге жеткізді.

Француздар ширек финалда «Англия - Исландия» матчының жеңімпазымен кездеседі. Ойын ертең, 27 маусымда өтеді.

Бұған дейін плей-офф кезеңіне Португалия, Уэльс және Польша құрамалары жолдама алған еді. 

Соңғы жаңалықтар