ЕУРО-2016: Германия құрамасы Словакияны ойсырата жеңіп, ширек финалға шықты - ВИДЕО

АСТАНА. ҚазАқпарат - Еуропа чемпионатының 1/8 финалдық ойындары аясында Германия және Словакия құрамалары кездесті. Санаулы сәттер бұрын аяқталған ойында немістер 3:0 есебімен басым түсті. Матч «Қазақстан» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетілді.
None
None

Ойын Лилль қаласындағы "Пьер-Моруа" стадионында өтті.

Кездесудің 9-шы минутында Джером Боатенг есеп ашты.

Ал бірінші тайм аяқталуға 2 минут қалғанда Марио Гомес басымдықты еселеді - 2:0.

63-ші минутта Юлиан Дракслер жауапсыз үшінші голды қарсылас қақпасында тулатты.

Ширек финалда Германия 27 маусымда өтетін «Испания - Италия» матчында жеңіске жеткен құрамамен кездеседі.

Бұған дейін плей-офф кезеңіне Португалия, Уэльс, Польша және Франция құрамалары жолдама алған еді.

Соңғы жаңалықтар