ЕУРО-2016: Германия Польша командасын жеңе алмады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Еуро-2016 жарысында фавориттердің бірі Германия командасы Польша құрамасымен тең түсті. Францияның Сен-Дени қаласында өткен матч 0:0 есебімен аяқталды.

ЕУРО-2016: Германия Польша командасын жеңе алмады

Ойындағы басымдық негізінен Германия футболшыларында болды. Допты бақылауда ұстап, шабуылды жиі ұйымдастыруға тырысқанымен, немістер польшалық қорғаушылардан өте алмады. Польша құрамасы да өз кезегінде Роберт Левандовскийдің шабуылына иек артып, қауіпті шабуылдармен көзге түсті. 

Осы ойыннан кейін «С» тобындағы Германия мен Польшада 4 ұпайдан бар. Солтүстік Ирландияда - 3, Украинада - 0 ұпай. Енді Украина құрамасында плей-офф кезеңіне шығатын мүмкіндік жоқ.