Еуро-2016: Испания Хорватиядан ұтылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Футболдан Еуропа чемпионатының топтық кезеңінің үшінші турындағы ойында Хорватия құрамасы Испанияны ұтты. Бұл туралы Би-Би-Си агенттігі хабарлады.
None
None

Ойын 2:1 есебімен аяқталды. Осылайша D тобында бірінші орындағы Хорватия 1/8 финалға өтті.

Испания екінші орында, ол да плей-оффқа шықты.

Матчтың жетінші минутында Испания есеп ашты - голды Альваро Мората кіргізді. 45-ші минутта хорват Никола Калинич есепті теңестірді.

Екінші голды Испания қақпасына Иван Перишич 87-ші минутта салды. 

Соңғы жаңалықтар