ЕУРО-2016: Италия Бельгияны сан соқтырып, Еуропа чемпионатын жеңіспен бастады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Францияда Футболдан өтіп жатқан Еуропа чемпионатында Италия құрамасы Бельгияны 2:0 есебімен ойсыратып кетті.

Матч алдында италиялық команда аутсайдер саналған болатын. Алайда, жас футболшылардан құралған Италия өздерін үздік қырынан көрсете алды.

Бірінші таймда бапкер Конте бастаған римдіктер ойынды ширақ бастады және сол белсенділіктері арқылы 32-минутта Имануелле Джакоринидің голы арқасында есепте алға шықты. Бельгия футболшылары ойынды өз бақылауына алып, есепті теңестіруге бар күштерін салды, алайда олардың үздіксіз шабуылдарына италиялық қорғаушылар тосқауыл қоя білді. Тіпті, ара-тұра қарымта шабуылдарды ұйымдастырып отырды.

Ойынның 93-минутында Италия құрамасы есепті 2:0 дейін жеткізді. Гол авторы - Пелле. Осылайша, Е тобында үш ұпаймен көш бастады.

Айта кетейік, футболдан Еуропа чемпионаты Францияда өтуде. Біріншіліктің аясы биылдан бастап кеңейіп, құрлықтық додада 16 құрама емес, 24 команда ойнайтын болады. Футболсүйер қауым «кәрі құрлықтың» ең мықты құрамаларының қатысуымен 51 матч тамашалай алады.

Еуропа біріншілігі Францияның он қаласында 10 маусым мен 10 шілде күндері аралығында өтеді.
Барлық матчтар «Қазақстан» мен «Қазспорт» телеарналарында тікелей эфирде көрсетіледі.

Соңғы жаңалықтар
telegram