Еуро-2016-ның финалдық матчы басталды
![None None](/static/img/plug.webp)
Франция құрамасының ойыншылары алаңға көк формада, португалдар қызыл түстегі формада шықты.
Франция өз алаңындағы соңғы екі турнирде жеңіске жеткен және осы кездесуде ұтуы мүмкіндігі жоғары команда саналады. Португалия бұған дейін үлкен жеңіске жетпеген еді, алайда осы жолғы Еурода кез келген қарсыласқа төтеп бере алатындығын көрсетті.
Топтық кезеңде португалдар барлық кездесуді тең аяқтап өз тобында үшінші орынға тұрақтады. Плей-оффта екі ойында негізгі уақытта жеңіске жете алмады. Алғашқы толыққанды жеңісті олар жартылай финалда жолыққан Уэльспен кездесуде алды.
Француздар алғашқы ойындарында екі жеңіс пен бір тең түсумен бастады, бұл оларға топта бірінші орында болып плей-оффқа шығуына мүмкіндік берді. Ары қарай Дидье Дешама ізбасарлары Ирландия, Исландия мен Германия құрамаларын ұтты.
Турнирдің үздік шабуылшылары - Криштиану Роналду мен Антуан Гризманн - бір ай бұрын Чемпиондар лигасында бір-біріне қарсы ойнаған.
Осы турнирде Португалия құрамасының шабуылшысы Еуропа чемпионаттарындағы үздік шабуылшылар тізіміндегі атақты француз Мишель Платиниді қуып жетті, ол 2004 жылы төрттен артық гол соғып үздік шабуылшы атанған болатын.
Бір айта кетерлігі, матчқа Англиядан келген Марк Клаттенбург бастаған төрешілер тобы қазылық етеді. Ол бұған дейін УЕФА чемпиондар лигасы финалында «Реал» мен «Атлетико» матчына төрешілік жасаған.
Франция алғаш рет 2000 жылы Еуропа біріншілігінің финалына шыққан, Португалия - алғаш 2004 жылдан бастап ақтық сындарға ілікті. Француздар үшін бұл үшінші финалдық ойын, португальдықтар үшін - екіншісі.
Бұл ойынға дейін Португалия мен Франция құрамалары 24 рет кездескен. 5 матчта Португалия құрамасы жеңіске жетсе, Франция 18 кездесуде ұтқан. 1 кездесу тең аяқталған.
Сонымен бірге, португалдар соңғы 30 жылда бірде бір рет француздарды ұтпаған екен. Олар соңғы рет француздарды 1975 жылы жеңген.