02:50, 28 Маусым 2016 | GMT +5
ЕУРО-2016: Ширек финалда ойнайтын барлық командалар анықталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Санаулы сәттер бұрын футболдан Еуропа чемпионатының 1/8 финалдық кезеңіндегі соңғы матч - Англия мен Исландия құрамаларының кездесуі аяқталды.

Тартысты өткен ойында Исландиялықтар 2:1 есебімен жеңіске жетті. Осылайша ширек финалда өнер көрсететін барлық 8 команда анықталды. Олардың арасында Уэльс құрамасы - алғаш рет бұл кезеңге дейін жетіп отыр.
Ширек финал кестесі:
30 маусым: Польша - Португалия
1 шілде: Уэльс - Бельгия
2 шілде: Германия - Италия
3 шілде: Франция - Исландия
Айта кетейік, аталған 8 команданың ішінде Италия, Франция және Германия құрамалары бұған дейін Еуропа чемпионатының жеңімпазы атанған.