ЕУРО-2016: Швеция мен Ирландия тең түсті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Францияда Футболдан өтіп жатқан Еуропа чемпионатында Швеция мен Ирландия құрамалары кездесу өткізді.

Матч барысында Швеция басымдық танытты. Допты өз иеліктерінен алыс ұстап, ойынды бақылауда ұстап отырды. Дегенмен, өткір шабуылдар көре алмадық. Керісінше, Ирландия футболшылары бірнеше қауіпті соққылар жасады. Бірақ, бірінші таймда гол соғылмады. Екінші кезең өте шапшаң ойын өрнегі орын алды.

Ирландиялықтар үсті-үстіне қарсыластарының қақпасын торуылдап, гол соғудың амалын іздеді. 47-минутта жанкүйерлер алғашқы голға куә болды. Шабуылдардың бірінде оң қапталдан пас алған Уэсли Хулаxан шведтердің қақпашысын қапыда қалдырып кетті. Осы голдан кейін Швеция құрамасы қарсыластарынан қарымта алу үшін, қарсы қақпаға лап қойды. Кездесудің 74-минутында Златан Ибрагимовичтің бағыттаған соққысына тосқауыл қоймақ болған ирландиялық қорғаушы Киран Кларк өз қақпасына допты енгізіп алды. Қорытынды есеп - 1:1.

Айта кетейік, футболдан Еуропа чемпионаты Францияда өтуде. Біріншіліктің аясы биылдан бастап кеңейіп, құрлықтық додада 16 құрама емес, 24 команда ойнайтын болады. Футболсүйер қауым «кәрі құрлықтың» ең мықты құрамаларының қатысуымен 51 матч тамашалай алады.

Еуропа біріншілігі Францияның он қаласында 10 маусым мен 10 шілде күндері аралығында өтеді.
Барлық матчтар «Қазақстан» мен «Қазспорт» телеарналарында тікелей эфирде көрсетіледі.

Соңғы жаңалықтар
telegram