ЕУРО-2016: Украина құрамасы Солтүстік Ирландиядан ұтылды (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Солтүстік Ирландия командасы Украина құрамасын ұтып, Еуро-2016 жарысындағы бірінші жеңісіне қол жеткізді. Париждің Лион қаласында «Стад де Лион» стадионында өткен матч 2:0 есебімен аяқталды.

ЕУРО-2016: Украина құрамасы Солтүстік Ирландиядан ұтылды (ФОТО)

Кездесудің алғашқы минуттарында украиндықтар белсендірек болды. Оқтын-оқтын қаптал арқылы шабуыл жасаған Украина құрамасы негізінен Евгений Коноплянка мен Андрей Ярмоленкоға иек артты. 

Солтүстік Ирландия футболшылары уақыт өте келе ойындағы басымдықты ала бастады. Тіпті, 30-минутта есеп ашатын мүмкіндігі болды. Крэйг Кэткарттың тепкен добы қақпадан сәл ғана қиыс кетті.

Бірінші таймда құрамалар есепке өзгеріс әкеле алмады. Барлығы екінші таймда өзгерді. Ойынның 49-минутында Гарет Маколи украиналықтарға бір гол салды.

Осылайша, ол Солтүстік Ирландияның Еуропа чемпионаты тариxындағы алғашқы голының авторы атанды.

Украина құрамасы қарымта гол салуға тырысты. Кездесудің 72-минутында Виктор Коваленко үшін гол салатын жақсы мүмкіндік туды. Алайда, оның тепкен добы қақпаға тимеді. Александр Зинченко да баспен соққы жасаған. Бірақ оны қақпашы сәтті тосып алды.

Негізгі уақыт бітіп, қосымша минуттар енгізілген кезде Солтүстік Ирландия қарымты шабуылды сәтті орындап, Нилл МакГинн украиндықтарға екінші гол салды.

Енді бірер минуттардан соң бұл топта Германия Мен Польша құрамалары күш сынасады. Матчты «Қазақстан» телеарнасы сағат 01:00-де тікелей эфирде көрсетеді.

null null null null null null null