ЕУРО-2016: Жерар Пике Испанияға үш ұпай сыйлады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Францияда Футболдан өтіп жатқан Еуропа чемпионатында Испания құрамасы Чеxияны тізе бүктірді.

Матч 1:0 есебімен испандықтардың жеңісімен аяқталды.

Матч бойы Испания футболшыларының басымдығы едәуір болғанымен есепті тек 87-минутта аша алды. Ойындағы жалғыз голдың авторы - қорғаушы Жерар Пике.

Айта кетейік, футболдан Еуропа чемпионаты Францияда өтуде. Біріншіліктің аясы биылдан бастап кеңейіп, құрлықтық додада 16 құрама емес, 24 команда ойнайтын болады. Футболсүйер қауым «кәрі құрлықтың» ең мықты құрамаларының қатысуымен 51 матч тамашалай алады.

Еуропа біріншілігі Францияның он қаласында 10 маусым мен 10 шілде күндері аралығында өтеді.

Барлық матчтар «Қазақстан» мен «Қазспорт» телеарналарында тікелей эфирде көрсетіледі. 

Соңғы жаңалықтар