Еуро- 2018: Футзалдан Қазақстан құрамасы ресейліктермен тең түсті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Футзалдан Қазақстан құрамасы Словенияда өткен Еуро-2018-дің екінші матчында  Ресей командасымен тең ойнап, «В» тобында бірінші орынға көтерілді, деп хабарлайды sport.inform.kz.

Еуро- 2018: Футзалдан Қазақстан құрамасы ресейліктермен тең түсті

Еске сала кетсек, бұл - қарсыластардың ресми төртінші кездесуі. ӘЧ-2012 кезеңінде ресейліктер - 4:0, ЕЧ-2014 іріктеу жарысында - 5:1, ал Еуро-2016 матчында  2:1 есебімен ұтқан болатын.

Топта бірінші орынды еншілеген қазақстандықтар Еуропа чемпионатында жаңа биікке көтерілді. Еуро-2016-да біздің команда  ЕЧ-да медальға ие болған алғашқы дебютант  атанған еді.

Еуропа чемионатындағы ширек финалдық ойында Қазақстан құрамасының қарсыласы «А» тобындағы Италия - Словения матчының нәтижесінен кейін белгілі болмақ.

Қазақстан - Ресей 1:1 (0:1)

Голдар: 0:1 Лима (2), Дуглас Жуниор (24)

Қазақстан: Игита (қақпашы), Довгань, Есенаманов, Дуглас Жуниор, Нұрғожин, Тайнан, Жаманқұлов, Сүлейменов (К), Першин, Таку, Тұрсағұлов Ақбалықов, Оразов

Ресей: Путилов (қақпашы), Милованов, Эдер Лима, Робиньо, Давыдов, Лысков, Ромуло, Абрамов (К), Ниязов, Абрамович, Афанасьев, Чишкала, Эскердинья

Төрешілер: Ковач (Венгрия), Фаркаш (Венгрия), Томич (Хорватия)

3 ақпан. Любляна. «Стожице аренасы».