08:47, 20 Қазан 2017 | GMT +5
ЕУРО-2018 іріктеуі: Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Франциядан ойсырай ұтылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның футболдан 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасы Еуропа-2018 чемпионатының іріктеу турнирін сәтсіз бастады, деп хабарлайды Sports.kz.

Қазақстандық футболшылар дебюттік матчта Франция құрамасынан 0:5 есебімен ойсырай ұтылды. Хет-трикті Мохамед Диаби (4-ші, 15-ші және 18-ші минуттарда) жасады, сондай-ақ Лоик Мбе Со (24-ші) мен Люк да Кунья (30-шы) да гол салды. 58-ші минуттан бастап француздар бір ойыншысы кем құрамда ойнады - қорғаушы Бенуа Мукинайи қызыл қағаз алды.
22 қазанда Қазақстан Словениямен, ал 25-інде Беларусьпен ойнайды. Турнирдің ережесі бойынша, элиталы раундқа әр топтың алғашқы екі командасы, сондай-ақ үшінші орындар арасындағы төрт үздік команда өтеді.
Еуропа чемпионатының ақтық сыны 2018 жылдың 4-20 мамыр аралығында Англияда болады.