Еуро-2018: Қазақстан құрамасы 1/4 финалда Сербиямен ойнайды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Словенияда Еуро-2018-дің ширек финалында футзалдан Қазақстан құрамасы Сербия командасымен ойнайды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА.
Біздің команда поляктарды ойсырата ұтып, ресейліктермен тең нәтиже көрсетіп, «B» тобында бірінші орын алды. Өз кезегінде, Сербия құрамасы «A» тобында екінші болып тұр. Сербиялықтар Еуро-2018-дің алғашқы матчында словениялықтарға (0:2) есе жіберіп, кейін екі рет гол салды - 2:2
Сербия құрамасы Еуропа чемпионатына алтыншы рет қатысып жатыр. Олар Белградта өткен былтырғы Еуропа чемпионатында үздік нәтижеге қолжеткізіп, 4-ші орын алған еді. Сол кездесуде олар үшінші орынға қазақстандықтармен таласып, жеңіліп қалған (2:5) болатын.
Қазақстан-Сербия матчы Астана уақытымен 23:00-де басталады.