Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Еуро-2018 жартылай финалы: Қазақстанның қарсыласы анықталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Словенияның Любляна қаласында футзалдан Еуропа чемпионатының ширекфиналдық соңғы матчы өтті. Оның нәтижесі бойынша жартылай финалға шыққан барлық командалар белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Еуро-2018 жартылай финалы: Қазақстанның қарсыласы анықталды

Испания құрамасы Украина командасын 1:0 есебімен жеңді. Осылайша, ½ финалда испандықтардың қарсыласы Қазақстан құрамасы болады. ҚР футзалшылары ширек финалда сербиялықтарды 3:1 есебімен жеңген еді.

Испания - Еуропаның қазіргі чемпионы. 2016 жылы Хосе Венансио Лопес жаттықтыратын команда Қазақстанмен екі рет кездескен болатын. Құрлық чемпионатының жартылай финалында олар - 5:3, әлем чемпионатының 1/8 финалында 5:2 есебімен жеңіске жеткен еді. 

Еске салайық, футзалдан Қазақстан құрамасы Сербияны 3:1 есебімен тізе бүктіріп, 2018 жылғы Еуропа чемпионатының жартылай финалына шыққан болатын. Сондай-ақ үздік төрттіктің қатарында турнир иелері - Словенияны 2:0 есебімен жеңген Ресей командасы бар.

Қазақстан - Испания және Ресей - Португалия арасындағы жартылай финал 8 ақпан күні «Арена Стожицеда» өтеді.