Еуро-2020 бүкіл Еуропада өтпек

АСТАНА. 8 желтоқсан. ҚазАқпарат - УЕФА президенті Мишель Платини дағдарыс жағдайында қаржыны үнемдеп жұмсауға күш салмақ, деп хабарлады Би-Би-Си.
None
None

2020 жылғы футболдан Еуропа чемпионаты бүкіл Еуропа бойынша бірнеше қалада өтетін болады деп жариялады Еуропалық футбол қауымдастықтары одағы (УЕФА).

Англияның футбол қауымдастығы Еуро-2020 финалын өткізуге Лондонның Уэмбли стандионын ұсынды. Уэльс, Шотландия және Ирландия да матчтарды өз аумақтарында өткізуге мүдделілік танытты.

УЕФА атқару комитеті кеше швейцариялық Лозаннада өткен отырысында шешім қабылдады.

Кездесуден кейін УЕФА бас хатшысы Джанни Инфантино баспасөз мәслихатында «Біз маңызды шешім қабылдадық», деп мәлімдеді.

«Еуро - бүкіл Еуропа үшін» - УЕФА президенті Мишель Платинидің бастапқы идеясы осындай болатын», деді Д.Инфантино.

Оның айтуынша, Еуро-2020 чемпионатын бірнеше елде өткізу идеясын Еуропаның 53 футбол қауымдастығының 52-сі қолдады. Бұған көп жылдардан бері Еуро-2020 чемпионатын өз елінде өткізуге ұмтылып келе жатқан Түркия ғана қарсы болдыы.

Бұдан бұрын, Еуро-2012 матчтары 10-нан астам елде өтуі мүмкін екені хабарланған болатын Олардың арасында чемпионаттар қабылдайтын қалалар ішінде Москва, Париж, Мадрид, Лондон, Рим және Лиссабон болып қалуы мүмкін.

Еуро-2020 матчтарын өткізуге өтінімдер 2013 жылдың наурызынан бастап қабылданатын болады. Қалалардың түпкілікті тізімі 2014 жылдың көктемінде бекітіледі.

Еске сала кетейік, биылғы жылы Еуро чемпионатының соңғы турнирін өткізген Украина мен Польша спорт құрылыстарын салуда және қаржы жағынан бірқатар проблемаларға тап болған еді.

Соңғы жаңалықтар