Еуро-2020 финалы Лондонда «Уэмбли» стадионында өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Лондон 2020 жылы футболдан өтетін Еуропа чемпионатының финалдық ойыны мен жартылай финалдық ойынын өткізу құқығына ие болды, деп хабарлады ВВС.

Еуро-2020 финалы Лондонда «Уэмбли» стадионында өтеді

2020 жылы Еуропа чемпионаты ойындарын қабылдайтын 13 қаланың тізіміне Санкт-Петербор қаласы да енді. 2012 жылдың желтоқсанында УЕФА-ның атқарушы комитеті Еуропа чемпионатын бір немесе екі елде емес, 2020 жылы Еуропаның бірнеше елінде өткізу туралы шешім қабылдаған болатын. Еуро-2020 матчтары Лондонның «Уэмбли» стадионында өтеді. Санкт-Петербор қаласында Еуро-2020 топтық кезең ойындары мен турнирдің ширек финалдағы кездесуі өткізілмек.