Еуро-2020 өткізуге 19 қала өтінім берді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Футболдан Еуропа чемпионатының матчтарын қабылдау құқығына 19 қала өтінім берді, деп хабарлады «РИА Новости» УЕФА сайтына сілтеме жасап.
None
None

Үміткерлер қатарына Баку (Әзербайжан), Минск (Беларусь), Брюссель (Бельгия), София (Болгария), Копенгаген (Дания), Лондон (Англия), Скопье (Македония), Мюнхен (Германия), Будапешт (Венгрия), Иерусалим (Израиль), Рим (Италия), Амстердам (Нидерланды), Дублин (Ирландия), Бухарест (Румыния), Санкт-Петербург (Ресей), Глазго (Шотландия), Бильбао (Испания), Стокгольм (Швеция), Кардифф (Уэльс) кірді.

Жартылай финалдық және финалдық матчтар өткізу құқығына Англия («Уэмбли» стадионы) мен Германия («Альянц Арена») ғана өтінім берді.

УЕФА әкімшілігі берілген өтінімдерді қарап, ұйымның атқару комитетіне есептер ұсынады. Еуро-2020-ның 13 қаласы бойынша түпкілікті шешімді УЕФА атқару комитеті 19 қыркүйекте Женевадағы отырысында қабылдайды.

Әуелде 2020 жылғы еуропалық біріншілік ойындарын өткізу құқығына 32 елден 39 қала үміткер болған еді.

2012 жылғы желтоқсанда УЕФА президенті Мишель Платинидің төрағалығымен өткен Лозаннадағы атқару комитетінің кездесуінде бір немесе екі елдегі турнирдің орнына «Еуропа үшін Еуро» өткізуді шешті. 2013 жылғы қаңтарда УЕФА атқару комитеті финалдық матчтарды 13 қалада өткізуге қаулы қабылдады.

Соңғы жаңалықтар