Еуро-2024: Қазақстан мен Солтүстік Ирландия арасындағы іріктеу ойыны қашан өтеді

БЕЛФАСТ. ҚазАқпарат - 19 маусымнан 20 маусымға қараған түні Белфастта футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирі аясында Солтүстік Ирландия мен Қазақстан құрамалары арасында матч өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Еуро-2024: Қазақстан мен Солтүстік Ирландия арасындағы іріктеу ойыны қашан өтеді
Фото: ҚФФ баспасөз қызметі

Солтүстік Ирландия - Қазақстан матчының тікелей трансляциясын Qazsport телеарнасынан көруге болады. Басталуы Астана уақыты бойынша сағат 00:35-те.

Еуро-2024 іріктеу кезеңінде үш ойын өткізген Қазақстан құрамасының қоржынында алты ұпай бар. Магомед Адиевтің шәкірттері турнирдегі ойынын сәтсіз бастады: Словениядан ұтылды (1:2). Бірақ кейін сенсация жасап, Дания құрамасын (3:2), Сан-Марино командасын (3:0) жеңді.

Солтүстік Ирландия құрамасына келсек, олар үш ойыннан кейін үш ұпай жинады: солтүстік ирландиялықтар да Сан-Мариноны жеңді (2:0). Бірақ Финляндия (0:1) мен Даниядан (0:1) ұтылды.