Еуро аймағындағы жұмыссыздық деңгейі рекордтық көрсеткішке жетті

АСТАНА. 1 қараша. ҚазАқпарат - Айналымда еуро валютасы жүретін аймақта (17 ел) 2012 жылдың қыркүйегінде жұмыссыздық деңгейі өткен аймен салыстырғанда 0,1 пайызға өсіп, 11,6%-ды құрады. Eurostat статистикалық агенттігінің деректері бойынша бұл осы аймақ үшін жаңа рекорд болып табылады, деп хабарлады РБК.

Еуро аймағындағы жұмыссыздық деңгейі рекордтық көрсеткішке жетті

Еуропалық одаққа мүше 27 мемлекетті есепке алса, қыркүйектегі жұмыссыздық деңгейі өзгерген жоқ - 10,6% деңгейде қалып отыр.

Еуроаймақтағы жұмыссыздық деңгейінің ең төменгі көрсеткіші Австрияда (4,4%), Люксембургте (5,2%), Германия мен Нидерландыда (5,4%), ал ең жоғары көрсеткіштер - Испания (25,8%) мен Грекияда (25,1%) тіркеліп отыр.