Еуро одақ 30 мыңға жуық адамға көші-қонды заңсыз ұйымдастырды деген күдік тақты

БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - Жыл басынан бері Еуроодақ елдерінің құқық қорғау органдары мигранттардың контрабандалық фактілері бойынша 1400-ге жуық белгісіз болып келген істі ашты. Талқылау аясында 30 мыңға жуық адамға күдік тағылды.
None
None

Бұл деректерді «Еуропол» басшысы Роб Уэйнрайт ағылшындық «Press Association» ақпараттық агенттігіне берген сұхбатында келтірді. «Жыл басынан бері делдал болды деген күдікпен 1400 іс ашылды, - деді Роб Уэйнрайт. - Бұл жағдайларда біз түрлі қылмыстық синдикаттар деңгейінде 30 мыңға жуық күдікті контрабандыларды анықтадық». «Еуропол» директоры адам саудасымен айналысатын қылмыстық топ туралы айтты.Олардың мүшелері құрбандарын тарту үшін әлеуметтік медиа кеңістікті пайдаланып өз тәсілін тұрақты жетілдіріп отырады. Роб Уэйнрайттың айтуынша, Еуропалық одақ билігі босқын атын жамылып «Ислам мемлекеті» лаңкестік тобының содырлары Еуроодақ аумағына өтіп кетуі мүмкін деп қауіптенеді. Айта кету керек, қазіргі уақытта ЕО елдері Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі ірі көші-қон дағдарысын басынан кешіп отыр. Сегіз айда ЕО елдеріне Жер орта теңізі арқылы 400 мыңға жуық адам заңсыз өтпек болды. Олардың 3 мыңға жуығы қаза тапты.

Соңғы жаңалықтар