Еуро өмір сүреді: еуроаймақ елдерінің көшбасшылары дағдарыстан шығар жолды тапты

ЮССЕЛЬ. 22 шілде. ҚазАқпарат /Димаш Сыздықов/ - Брюссельде еуроаймаққа мүше 17 елдің мемлекет және үкімет басшыларының шұғыл отырысында Италия, Испания, Португалия және Ирландия сияқты қиын қаржылық мәселелерді бастан кешіріп отырған

Еуро өмір сүреді: еуроаймақ елдерінің көшбасшылары дағдарыстан шығар жолды тапты

елдерге тарап кетуі мүмкін Грекиядағы дағдарыстан шығар жол табылды. Бұл туралы кездесу қорытындысы бойынша Еуроодақ Кеңесінің президенті Херман Ван Ромпей хабарлады.

«Мен еуроаймақтағы онсыз да қиын жағдайдың өрістей түсуіне жол бере алмаймын. Ұлттық қарыздар салдарынан дағдарыстық жағдай еурооймаққа қауіп төндіретін жүйелі мәселеге айнала жаздады. Бұл қауіп жойылуы тиіс, олай болмаған жағдайда біздің ортақ валютамызға деген сенімнің жоғалуына, тіпті қалпына келіп жатқан еуропалық және әлемдік экономикаға да қауіп төнуі мүмкін», - деді Х. Ромпей.

Еуроодақ басшысы атап өткендей, кездесу барысында еуроаймаққа мүше барлық елдер тарапынан қолдау тапқан үш маңызды шешімге қол жеткізілді.

Айтап айтсақ, грекия қарызының мәселесі қаржылық жетіспеушілікті толықтай жабу үшін Еуроодақ пен Халықаралық валюта қоры тарапынан қаржыландырылатын жаңа бағдарламаны қабылдау жолымен шешілді.