Еуро валютасының негізін қалаушы, Еуропалық Одақтың сәулетшісі Жак Делор қайтыс болды

Қазіргі Еуропалық одақтың сәулетшісі атанған Еуропалық комиссияның бұрынғы төрағасы Жак Делор 98 жасында қайтыс болды. Kazinform агенттігі бұл туралы ВВС-ге сілтеме жасап хабарлайды. 

  Жак Делор
Фото: Еuronews

Ол Еуропалық Одақ шеңберінде адамдардың, тауарлар мен қызметтердің еркін қозғалысын қамтамасыз ететін бірыңғай нарықты құрушылардың бірі болды.

1985-1995 жылдары Делор еуропалық біртұтас валюта – еуроның негізін қалады.

Делор қызы Мартина Обридің хабарлауынша, әкесі сәрсенбі күні таңертең Париждегі үйінде ұйықтап жатқанда қайтыс болды.

Франция президенті Эммануэль Макрон 1981-84 жылдар аралығында Францияның қаржы министрі қызметін атқарған Делорды «Еуропаның қажымас құрылысшысы» деп атады.

«Оның идеалдарға деген адалдығы, әділдігі бізді әрқашан шабыттандырады», - деді ол.

Жак Делор Еуропалық Комиссияның төрағасы болып үш мерзім, басқаларға қарағанда ұзақ қызмет етті.

Қазіргі уақытта бұл лауазымды атқаратын Урсула фон дер Ляйеннің айтуынша, ол «Еуропаны күштірек еткен көреген адам екенін» екенін айтты.

Еуропалық кеңес төрағасы Шарль Мишель оны «тарихқа Еуропаны құрушылардың бірі ретінде енген ұлы француз және еуропалық ұлы тұлға» деп атады.

Делордың бозбала шағы Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде өтті, ол Еуропа мұндай апаттың қайталанбауы үшін бірігуі керек деп терең сенді.

Бірыңғай нарықты құру және еуроны енгізуге дайындықпен қатар, оның Еурокомиссияға төрағалығымен ЕО елдері арасындағы шекаралық бақылауды жою туралы Шенген келісіміне қол қойылып, Erasmus студенттер алмасу бағдарламасы іске қосылды.

1995 жылы қызметінен кеткеннен кейін Делор сауалнамаларда үлкен артықшылықпен алда болғанына қарамастан, Франция президенттігіне дауысқа түсуден бас тартты.