Еуроаймақ елдерінен тасымалданатын экспорттың рекордтық деңгейге жетуіне байланысты еуро да өсе түсті

АСТАНА. Қыркүйектің 2-сі. ҚазАқпарат - Екінші тоқсандағы еуроаймақ елдерінен тасымалданатын экспорттың рекордтың деңгейге жетуіне байланысты бейсенбідегі сауда қорытындысы бойынша долларға қарағанда еуро өсе түсті, деп жазады Вести.Ру.

Еуроаймақ елдерінен тасымалданатын экспорттың рекордтық деңгейге жетуіне байланысты еуро да өсе түсті

Сәрсенбідегі Нью-Йорк саудасының қорытынды бойынша құралған 1,2808 доллармен салыстырғанда, бейсенбі күні мәскеу уақытымен сағат 14:57-де еуро бағамы 1,2822 долларды құрады.

Биылғы жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда екінші тоқсанда еуроаймақ экспорты 4,4 пайызға артты. Бұл 1995 жылдан бергі салыстырулар ішіндегі ең үздік көрсеткіш.