Еуроаймақ елдерінің басшылары 1 наурызда саммиттің орнына қысқа кездесу өткізеді

Кездесу Херман ван Ромпейдің ЕО Кеңесі төрағасы қызметіне қайта сайлануына арналмақ, деп хабарлады Рейтер дипломатиялық топтағы дереккөзге сілтеме жасап.
Еске салып өтейік, Х.ван Ромпей үшін бұл кеңес басшысы қызметіндегі екінші және соңғы мерзім болмақ. Оның құзыретіне ЕО көшбасшыларының отырысын ғана емес, еуро айналымы аймағына кіретін мемлекеттер басшыларының шағын құрамдағы кеңестерін шақыру да кіреді.
Бұдан бұрын еуроаймақ елдерінің көшбасшылары бөлек отырыс барысында Грекиядағы жағдайды және еуропалық тұрақтандыру тетігінің несиелік әлеуетін кеңейту туралы мәселені талқыламақ болған. Дереккөздердің мәліметтеріне қарағанда, бұл кездесу ресми күн тәртібіне енгізілген жоқ. Тұрақтандыру қорын кеңейту мәселесі кейінірек наурыз айында талқыланбақ. Ықтимал мерзім - 12 наурыз, бұл күні еуроаймақ елдері қаржы министрлерінің кездесуі өтеді.