Еуроаймақта жұмыссыздық наурыз айында 10,9 пайызға жетті

АСТАНА. 3 мамыр. ҚазАқпарат - Еуроаймақтағы жұмыссыздық 2012 жылғы наурыз айында ағымдағы жылғы ақпандағы 10,8 пайыздан 10,9 пайызға дейін көтерілді, деп хабарлады FINMARKET.RU.

Еуроаймақта жұмыссыздық наурыз айында 10,9 пайызға жетті

Бұл мәліметтерді Еуропалық статистика басқармасы жариялаған. Bloomberg агенттігі жүргізген сауалдамада талдамашылар да осындай болжам жасаған болатын Жұмыссыздықтың бұл көрсеткіші 1997 жылғы сәуірден бері ең жоғары шегіне  жетіп отыр.

2011 жылғы наурызда жұмыссыздық деңгейі 9,9 пайызды құраған еді. Еуропалық одақта жұмыссыздық саны 10,2 пайызға жеткен. Осы жылғы ақпанмен салыстырғанда көрсеткіш тұрақты.  2011 жылы наурызда жұмыссыздық 9,4 пайыз көлемінде болған еді.

Сонымен Еуропалық одақта 2012 жылғы наурыз айында 24,772 млн. ерлер мен әйелдер жұмыссыз болып отыр, олардың 17,365 миллионы еуроаймақта тұрады.   

ЕО мүше-елдеріндегі жұмыссыздықтың төменгі деңгейі Австрияда (4%), Нидерландыда (5%), Люксембургте (5,2%)  және Германияда (5,6%) тіркелген. Ең жоғары көрсеткіш - Испанияда (24,1%) және Грекияда (2012 жылғы қаңтарда 27,1%). ЕО-дағы жұмыссыздар арасындағы 25 жасқа дейінгі жастар 5,516 млн. адамды құрайды.