Еуроаймақтағы жұмыссыздық 2011 жылдан бері алғаш рет төмендеді

АСТАНА. 30 қараша. ҚазАқпарат - Еуроаумақтағы жұмыссыздық деңгейі 2011 жылдан бері алғаш рет төмендеп отыр. Бұл туралы «Eurostat» статистикалық агенттігі хабарлады.

Еуроаймақтағы жұмыссыздық 2011 жылдан бері алғаш рет төмендеді
Атап айтқанда, Еураймақтағы 17 елдің ішінде жұмыссыздық деңгейі қазанда 12,1 пайызға дейін түскен. Өңірде 18 миллионға жуық адам жұмыссыздықтың күйін кешуде. Сонымен қатар Еуроаймақтағы мемлекеттерде жұмыссыздық ахуалында айтарлықтай айырмашылық бар көрінеді. Мәселен, Испания мен Грекияда оның деңгейі 27 пайыз шамасында болса, Австрияда 5 пайыз көлемінде қалыптасып отыр. Өңірдегі экономикалық өсім әлі де әлсіздеу, екінші тоқсанда өсім 0,3 пайызды құраса, үшінші тоқсанда 0,1 пайыз деңгейінде байқалды. Еурокомиссияның болжамынша, 2014 жылы экономикалық өсім 1,1 пайызды, ал 2015 жылы 1,7 пайызды құрауы ықтимал.