Еуроаймақтағы жұмыссыздық деңгейі жаңа рекордты орнатты

АСТАНА. 30 сәуір. ҚазАқпарат - Еуроаймақтың 17 елінде жұмыссыздық деңгейі артып келеді. Наурызда ол 12,1 пайызға дейін жетіп, жаңа рекордты орнатты.
None
None

ВВС-дің жазуынша, бұл көрсеткіш соңғы 23 ай қатарынан өсіп отыр және 1995 жылы статистиканы жүргізудің бастапқы кезеңінен бері рекордтық болып қалыптасуда.

Жұмыссыздардың басым бөлігі Грекияда, Испанияда, Португалияда тіркелді.

Бұл мәліметтер Италияның жаңа премьер-министрі Энрико Леттаның Ангела Меркельмен келіссөздер үшін Германияға сапары аясында жарияланып отыр.

Атап айтқанда, Летта қатаң үнемдеу саясатының жалғасуына қарсы шығып, Еуропа қайтадан экономикалық өсімнің қозғалтқышы болуы тиіс екенін мәлімдеген еді.

Соңғы жаңалықтар