Еурохаттама: жол көлік оқиғасы болса полиция шақырмай сақтандыруды рәсімдеуге болады

АСТАНА. KAZINFORM — 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап мардымсыз жол көлік оқиғалары болған жағдайда, азаматтар полицияны шақырмай және соттың шешімінсіз жеңілдетілген тәртіппен сақтандыру оқиғасын ресімдей алады. 

дтп
Фото: Kazinform

Еурохаттаманың ережесіне сай, егер:

1)Жол көлік оқиғаларына (ЖКО) екі көлік құралы ғана қатысса;

2)ЖКО-ға қатысушыларда қолданыстағы көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру болса;

3)ЖКО нәтижесінде ЖКО қатысушылардың көлік құралдарына ғана шығын келтірілсе (өмірі мен денсаулығына зиян келтірілген зардап шегушілер болмаса, үшінші тұлғалардың мүлкі бүлінбесе);

4)ЖКО-ға қатысушыларда бір тараптың кінәлі, екіншісінің зардап шегуші болуына қатысты келіспеушілік болмаса;

5) келтірілген шығынның шекті сомасы 100 АЕК-ке дейін – 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 369 мың теңге болса, қолданылады.

Ескеретін маңызды тұсы ЖКО-ға қатысушылардың мобильдік нөмірлері Азаматтардың мобильдік базасында тіркелген болуы тиіс. ЖКО-ға екі қатысушы да «Еурохаттама» қосымшасын жүктеуі және ЖКО бойынша мәліметтерді толтыруы қажет.

Соңғы жаңалықтар