Еурокеңестің экс-басшысы Ұлыбританияның Brexit-тен кейін ыдырауы мүмкін екенін жоққа шығармады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Еуропалық кеңестің бірінші төрағасы Херман Ван Ромпей Brexit бойынша референдум қорытындысына байланысты Ұлыбританияның ыдырауы мүмкін екенін жоққа шығармайды, деп хабарлайды РИА Новости.
None
None

Бейсенбі күні Ұлыбританияда Еуроодақтағы мүшелікке қатысты референдум өткен.   Ресми деректерге сәйкес британдықтардың 51,9% елдің Еуроодақтан шығуын қолдап дауыс берген. 

Ван Ромпей Canvas телеарнасына берген сұхбатында: "Бұл Ұлыбританияны ыдыратуы мүмкін. Өкінішті, себебі мен 15 жылдан бері еуропалықпын. Бұл (Ұлыбританияның ЕО-дан шығуы) Еуропалық одақ үшін қорқынышты емес, бірақ менде әлденені кесіп алып тастағандай күйде тұрмын», - деді.

Сепаратистік бағыттағы Шотландия мен Солтүстік Ирландия Brexit-пен келіспейтіндерін бірден байқатты.   

Шотландияның бірінші министрі Никола Стерджен референдум қорытындысы бойынша аймақтың ЕО-дағы мүшеліктің сақталуын қолдап дауыс бергенін айтты. Бұның алдында ол Brexit жағдайында Шотландияның ұлттық партиясы аймақтың тәуелсіздігіне қатысты қайта референдум өткізетінін мәлімдеген еді. 2014 жылғы дауыс беруде дауыс берушілердің 55%-ы Шотландияның Ұлыбритания құрамында қалуын қолдаған.

Өз кезегінде Солтүстік Ирландия ұлтшылдарының ең ірі партиясы «Шинн Фейн» аймақтың Ирландиямен бірігуі туралы референдум өткізуге ниетті екенін жариялады. 

Фото: Алекс Макнотон

Соңғы жаңалықтар