Еурокомиссия 2013 жылды азаматтардың Еуропалық жылы деп атауға ұсыныс білдірді

ЮССЕЛЬ. 12 тамыз. ҚазАқпарат /Димаш Сыздықов/ - Еурокомиссия 1993 жылдың 1 қарашасында күшіне енген Маастрихт келісімшартына сай құрылған Еуроодақ азаматтық институтының 20 жылдығына орай,

Еурокомиссия 2013 жылды азаматтардың Еуропалық жылы деп атауға ұсыныс білдірді

2013 жылды «Азаматтардың Еуропалық жылы» деп атауға ұсыныс білдірді. Бұл туралы Еурокомиссияның баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Бұл бастаманың мақсаты - еуропалық азаматтардың ЕО-ға мүше барлық 27 ел аумағында еркін жүріп-тұру құқығын толықтай жүзеге асыруға көмектесу болып табылады. Егер 2013 жылы азаматтардың Еуропалық жылы болып белгіленсе, Еуроодақ бойынша бірқатар іс-шаралар, конференциялар мен семинарлар ұйымдастырылып, солардың аясында еуропалықтардың өз құқықтары туралы білімін арттыру жоспарлануда. Жоспар бойынша жылды атап өтуге 1 миллион еуро жұмсалмақ.