Еурокомиссия басшысы денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі еурокомиссар қызметіне Тонио Боргтың кандидатурасын мақұлдады

БРЮССЕЛЬ. 23 қазан. ҚазАқпарат - Еурокомиссия төрағасы Жозе Мануэль Баррозу денсаулық сақтау және тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі еурокомиссар қызметіне Тонио Боргтың кандидатурасын мақұлдады. Бұған дейін бұл қызметті атқарған Джон Дали жемқорлық дауына байланысты жұмыстан босатылды.
None
None

Бұл туралы Еурокомиссияның баспасөз қызметінен хабарлады.

Мальтаның қазіргі Сыртқы істер министрі Тонио Борг Еурокомиссияның мүшесі болуы үшін оның кандидатурасын Еуропарламент пен ЕО Кеңесі мақұлдауы тиіс.

Бұрын хабарлағанымыздай, алаяқтық және ақша алуға бопсалау әрекетіне қатысты айыптауларға байланысты мальталық еурокомиссар Джон Далли отставкаға кеткен болатын.

Еурокомиссияның ақпаратына сәйкес, 2012 жылдың мамырында темекі өнімдерін шығаратын «Swedish Match» компаниясы Еурокомиссияға оларға мальталық кәсіпкер келіп, Дж.Даллимен жеке байланысын пайдалана отырып, ақшалай сыйақыға снустың (шайнайтын темекінің сорты)  экспортына еуропалық тыйым салуға ықпал етуді ұсынғанын хабарлап шағым түсірген.

Осыған байланысты ешқандай төлем болмағанына қарамастан мальталық кәсіпкер мен «Swedish Match» арасындағы байланыстар фактісі анықталды. Бұл ретте Алаяқтыққа қарсы күрес бойынша Еуропалық бюро (OLAF) Дж.Даллидің іске қатысының нақты айғақтары жоқ болғанымен, бұрынғы комиссар бұл туралы білген деп атап өтті.

Қазіргі кезде OLAF баяндамасы бұл іске қатысты шешім қабылдау үшін Мальтаның Бас прокуратурасына жіберілді.

Соңғы жаңалықтар